Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Cerberus коронавирусының жоғары жұқпалы штаммы SARS сияқты жоғары температура, буындардың ауырсынуы және әлсіздік секілді белгілерге ие.
Мамандардың айтуынша, бұл штамм аса қауіп төндірмейді. Айта кетейік, халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациямен қамтамасыз ету мақсатында өңірлерге 12 жастан асқан адамдарды вакцинациялау және ревакцинациялау үшін Pfizer вакцинасының 200 мың дозасы жеткізілді.